Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ Айдан пайдалы қазба игермекші

06.05.2020, 15:50 880

HALYQLINE.KZ –| – АҚШ Айдан пайдалы қазбалар өндіру жөнінде халықаралық келісім әзірлеп жатыр. Оған қатысатын тізімде Ресей жоқ деп хабарлайды, – «Reuters» агенттігі.

Құжат «Артемида келісімі» («Artemis Accords») деп аталады. Келісім Айда пайдалы қазбалар өндіретін қауіпсіз аймақ құруды көздейді. Сондай-ақ, Айда өндірілген кеннің меншік иесін анықтайтын құқықтық база әзірлеуге мүмкіндік бермек.

Трамп әкімшілігіндегі жоғары лауазымды шенеуніктің «Reuters» агенттігіне берген ақпаратында АҚШ бұл келісімді өздері әзірлеуді шешкен. Себебі БҰҰ-да айды игеру өте ұзаққа созылады деп есептеген. Өйткені, онда ғарышты игеруге қатысы жоқ елдер де бар деп тапқан. Жақын арада АҚШ әріптес елдерді келісім мазмұнымен таныстырмақ. Олардың ішінде Канада, Жапония, Біріккен Араб Әмірлігі және Еуропа елдері бар. NASA-ның бас әріптесі Ресейді бұл жобаға тартпағанды жөн санапты.

Сәуір айының басында Ақүй президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарға Айды, Марсты және өзге де аспан денелерін коммерциялық мақсатта игеруге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойған. «Роскосмос» мұны «ғарыш кеңістігін экспроприациялау» және «өзге планетаның аумағын басып алудағы агрессивті жоспар» деп атаған.

1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Ай және өзге де аспан денелеріндегі мемлекеттердің іс-әрекеті жөніндегі келісім» құжатында Айға барлық адамзаттың ортақ игілігі деген мәртебе берілген. Құжатты 18 ел бекіткен. Бірақ арасында АҚШ пен Ресей жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: