Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Тереңөзек кентіндегі жаңа наубайхананың жұмысымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.
Аудан басшысы наубайхананың өндірістік үдерісімен танысып, нан өнімдерінің сапасы мен түрлеріне ерекше назар аударды. Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, аудан тұрғындарын сапалы және қолжетімді нан және кондитерлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.
Наубайхана «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржы ЖШС арқылы 35 млн теңге көлемінде қаржыландырылған. Қазіргі уақытта кәсіпорында 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Күніне 500 нан және 200-ден аса кондитерлік өнімдер шығарады.
Аудан басшысы кәсіпорынның ашылуы жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және аудан экономикасына серпін беретінін атап өтті. Кәсіпкерге жаңа кәсібінің жемісті әрі тұрақты болуын, алдағы уақытта табысты дамуын тілеп, өндіріс көлемін арттыру және өнім сапасын жоғарылату бағытындағы жұмыстарға табыс тіледі. Өз кезегінде кәсіп иесі З.Үсенбаева ұсыныстарын білдірді. Аудан басшысы ұсыныстарға байланысты «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алуға көмек көрсетуді сала басшысына тапсырды.
Айта кетейік, нан өнімдерімен қатар жаңа нысанда тұрғындардың тамақтануына мүмкіндіктер жасалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!