Сыр өңірінің жыраулық дәстүрінің көрнекті өкілі, өнертанушы, сазгер Аққұлов Жұмабек Жарылқасынұлының көзі тірісінде жинаған шығармашылық мұрасы Жыраулар үйінің қорына тапсырылды.
Бұл – қарапайым жазба емес. 54 кассета мен 21 ленталы бабина – Сыр сүлейлерінің дәстүрлі орындаушылығы сақталған, ұрпаққа жеткен баға жетпес қазына. Әр үнінде ғасырлар үні бар, әр термеде – халық тарихы мен рухани тереңдік жасырылған.
Бұл жинақ Жыраулар үйінің ғылыми мамандарының жоспарлы ізденістері мен Сыр бойы жырауларының үнтаспаларын жинау, өңдеу, жүйелеу сияқты маңызды зерттеулерінің нәтижесі.
Жыраудың үні, жыры, еңбек жинағы – ұрпаққа аманат. Мұраларды Жыраулар үйінің қорына тапсырған ұлы Алмат Аққұлов пен келіні Салтанат Аққұлова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!