Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педагогтерді аттестаттау тәртібі қайта қаралуы мүмкін

14.01.2026, 17:55 42

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау қағидаларын және салада бұрын қабылданған бірқатар бұйрықты қайта зерделеуге кірісті. Осы мақсатта министрлік жанынан құқықтық актілерге талдау жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобына еліміздің әр өңірінен белсенді ұстаздар тартылған. Бұған дейін педагогтер министрлік қабылдаған кейбір нормативтік құжаттардың бір-біріне сай келмейтіні, талаптардың түсініксіз әрі артық әкімшілік жүктеме тудыратыны туралы мәселе көтерген болатын. Осы сын-ескертпелер негізінде жаңа топ қолданыстағы бұйрықтардың заңнамаға сәйкестігін және өзара қайшылықтарын талдайды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс педагогтік қауымдастықпен бірлесе жүргізіледі. Құжаттарды қайта қарау кезінде цифрландыру талаптары ескеріліп, нормалардың ашық әрі жария болуына басымдық берілмек. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарына түсініксіз немесе қажетсіз талаптарды оңтайландыру көзделіп отыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жұмыс тобының басты міндеті – кері байланысты күшейтіп, ұсыныстарды ашық талқылау. Министрлік он негізгі бағыт бойынша барлық нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіп, нақты ұсыныстар пакетін әзірлемек. Бұл ұсыныстар келесі жылдың ақпан айында жеке-жеке талқыланатын болады.

Жиын барысында жұмыс тобының мүшелері педагогтерді аттестаттау талаптарын қайта қарау мәселесін де көтерді. Әсіресе аттестаттау кезінде мұғалімдерден авторлық бағдарлама әзірлеуді талап ету жөніндегі нормаға қатысты ұсыныстар көп айтылған. Министрлік бұл мәселе де талдау аясында қаралатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: