Кеше оқу жылының үшінші тоқсанының басталуына орай Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудан орталығындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепке барды. Аталған білім ошағын аралап, білім беру ұйымындағы кабинеттердің жабдықталуы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасының жағдайымен танысты. Одан бөлек, жылу қазандығының жай-күйін көрді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім беру ұйымында 332 оқушы білім алса, оларға 54 мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Аудан әкімі елдің ертеңгі тізгіні білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, білімді ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет екенін атап өтті. Жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, мектеп ұстаздарының кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдау, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларда шығармашылық ізденіс, жаңа серпін болу керектігін жеткізді.
Биыл мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, қалаған мамандық иесі болуға, ҰБТ-дан жоғары балл жинауға тілектестік білдірді.
Аудан әкімі аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорына балалар қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстап, жылу беру маусымында мәселе туындамау керектігін тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!