Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының Бас полицейі белсенді жастарды марапаттады

02.12.2025, 9:15 77

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керектігін айтып, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттыру қажеттігін тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта интернет пен цифрлы технологиялардың дамуымен қатар интернет-алаяқтар да уақыт талабынан қалмай күн сайын жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына қарамастан, алаяқтарға алданатын азаматтар әлі де азаймай отыр.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен 15 қазан – 25 қараша аралығында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу тақырыбында «Үздік бейнеролик» байқауы жарияланды. Байқауға қатысушы жастар өз шығармашылығын көрсетуге ерекше белсенділік танытып, киберқауіпсіздік тақырыбын түрлі форматта ашуға тырысты. Республикалық байқаудың нәтижесімен Қызылорда облысының командасымен әзірленген бейнеролик үздік деп танылып, ІІ орынды иеленді.

Осы орайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешов сайыс нәтижесімен жүлдегер атанған команда мүшелерін және топ жетекшісі Бағдагүл Дөңесқызын марапаттап, белсенділігі мен ынтасын жоғары бағалады. Белсенді жастар Жаңылай Серғазықызы, Әділет Ғаниұлы, Нұрперзент Мейірханұлы және топ жетекшісі ҚР ІІМ-нің грамоталарымен марапатталды.

«Өз атымнан және ІІМ-нің атынан Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, халық арасындағы профилактикалық жұмыстарға орасан зор үлес қосып, облысымыздың абыройын асқақтатқан Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің командасына алғысымды білдіремін. Әділетті қоғам орнатуда «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығын арттыруда белсенді жастардың бастамаларын біз әрқашан қолдаймыз», — деді Департамент бастығы.

Бүгінде жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған көптеген бастама қолға алынған. Өз кезегінде қызылордалық полицейлер жастар арасында цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: