Мен жарықты қалаймын, таң шапағын,
Жас өмірдің жарқылын, жан самалын.
Есірткі емес, еркіндік – менің таңдауым,
«Өмірге ғашықпын!» деп жар саламын!
Көк аспаннан үмітімді іздеймін мен,
Таза жолмен жүремін, түзбеймін кек.
Жан дүниені улайтын қасіретке,
«Жоқ!» деймін мен – шынайы бекінгем тек!
Жас жүрегім, сен — үміттің шамысың,
Таза оймен нұрланатын жанысың.
Мағжан айтқан: «Ар қайда?» деп ойланшы,
Арды сақта – сол өмірдің мәні шын!
Есірткі – түн, үміт-жарық таңдағы,
Сол таң үшін күрес әркез алдағы.
Мағжанша айт: «Мен жастарға сенемін!»-
Сенімменен ашық болсын әр бағы!
Қара жолға түспеймін, бұрылмаспын,
Адалдық-дос, жамандықтан тұра қаштым.
Дос іздесем – спортта, өнер жақта,
Болашақты нұрлы етіп, шыңын бастым!.
Жанашырым – елім мен ата-анам,
Көз жасына татымас қаралансам.
Сақтаймын мен ар-намысты жүректе,
Есірткімен ойнамай, дара қалам!
Халилуллаев Әбілмансұр Нұрболұлы,
№145 «Бірқазан» орта мектебінің 11-сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!