Білім мен жаңалыққа құмар адам үшін әлем шексіз қызық пен құпияға толы. Кейде бір-ақ сөйлем бүкіл ойыңды өзгертіп, дүниеге көзқарасыңды кеңейтеді. Біз бүгін сізге өмірде сирек айтылатын, бірақ таңғаларлық әрі пайдалы, қызықты фактілерді ұсынамыз.
ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Табиғат – шексіз зертхана. Оның ішінде бізге әлі де ашылмаған миллиондаған құпия жатыр.
Ағаштардың да «интернеті» бар. Орман ішіндегі ағаштар жер астындағы микориза деп аталатын саңырауқұлақ желісі арқылы бір-бірімен байланыс жасайды. Егер бір ағаш су тапшылығын сезсе, ол көршісіне «ескерту сигналын» жібереді. Кей ғалымдар бұл құбылысты «Wood Wide Web» деп атаған.
Бұлттың салмағы. Кәдімгі аспандағы ақ бұлттың орташа салмағы шамамен 500 тонна екенін білдіңіз бе? Яғни бір бұлттың салмағы толық жүк көлігіне тең.
Теңіз жұлдызының «миы» жоқ, бірақ шешім қабылдай алады. Ол жүйке тораптары арқылы айналаны сезіп, ең қауіпсіз бағытты таңдайды.
Антарктида – ең құрғақ жер. Мұнда кей аймақтар соңғы 2 миллион жылда жаңбыр да, қар да көрмеген.
Бамбук тәулігіне 90 сантиметрге дейін өседі. Егер бақшаңызға отырғызсаңыз, таңертең мен кешке оның бойының өзгергенін байқайсыз.
АДАМ МҮМКІНДІГІНІҢ ШЕГІ
Адам – ең күрделі жаратылыс. Әрбір жасушамыз, әрбір ойымыз ғаламның бір бөлігі сияқты.
Ми өз-өзін ауырсынудан қорғайды. Ми тінінде ауырсынуды сездіретін рецепторлар жоқ. Сол себепті миға операция жасағанда адам есін жоғалтпайды.
Жүрек «ақылды». Ғалымдар жүректе 40 000-ға жуық нейрон бар екенін анықтаған. Яғни ол да ақпарат қабылдап, жүйкеге әсер ете алады.
Көз – ең күрделі камера. Егер адам көзі фотоаппарат болса, оның ажыратымдылығы 576 мегапиксельге тең болар еді.
Тілдің ізі де ерекше. Саусақ ізі сияқты, әр адамның тіл бедері де қайталанбайды.
Адам денесіндегі қан тамырларын бір қатарға тізсе, олардың ұзындығы шамамен 100 мың шақырым болады. Бұл жерді екі рет айналып шығуға жетеді.
Ұйқысыздықтың әлемдік рекорды – 11 күн. 1964 жылы Рэнди Гарднер есімді студент тәжірибе үшін 264 сағат бойы ұйықтамаған. Соңында елестер көріп, есту қабілеті бұзылған.
ЖАНУАРЛАР ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ ҚЫЗЫҚТАРЫ
Жануарлар – табиғаттың үнсіз даналығы. Олардың әрбір әрекетінің артында ғажайып бейімделу мен ақылдың ізі бар.
Октопустың (сегізаяқтың) үш жүрегі бар. Оның екеуі қан айналымға, ал біреуі денеге оттегі таратуға жауап береді.
Дельфиндер бір-бірін аттарымен шақырады. Әр дельфиннің өзіндік дыбыстық «есімі» бар.
Пингвиндер өмір бойы жұптасады. Егер сүйіктісі өлсе, ол басқа серік іздемей, сол ұя маңында өмірін жалғастырады.
Пілдер өліп бара жатқанын сезеді. Олар соңғы сәттерінде өз табындарынан бөлініп, «піл зираттары» деп аталатын аймақтарға кетеді.
Аттар адамдардың көңіл күйін тани алады. Егер иесі ашулы болса, аттың жүрек соғысы жиілейді.
Кайман бақаларының кей түрі мұзға қатып, көктемде қайта тіріледі. Олардың қаны ерекше антифризге ұқсайтын зат бөледі.
ӨТКЕННЕН ЖЕТКЕН ҒАЖАЙЫПТАР
Тарих – тек ескі шежіре емес, ол – адамзаттың естелігі мен тәжірибесі. Әр өркениет өз дәуірінде таңғаларлық істер атқарған.
Пирамидалар құпиясы. Мысыр пирамидаларының кей кірпіші 2,5 тонна тартады. Бірақ оларды көшіруде дөңгелек те, техника да болмаған. Қазір ғалымдар пирамидалар дыбыс тербелісі арқылы көтерілген деген болжам айтады.
Александрия кітапханасы өртенбегенде, адамзат ғылымы 1000 жылға ерте дамыр еді дейді тарихшылар.
Ежелгі үнділер пластикалық операция жасаған. Б.з.д. VI ғасырда дәрігер Сушрутта мұрын мен құлақты қалпына келтіру тәсілін қолданған.
Қазақтың киіз үйі – әлемдік инженерияның кереметі. Оның күмбез пішіні дауыл мен желге төзімді, ал құрылымы қазіргі биоклиматтық үйлердің принципіне ұқсайды.
ТЕХНОЛОГИЯ ТЫНЫСЫ немесе ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЗАМАНАУИ ЖАҢАЛЫҒЫ
Технология дамыған сайын адам өмірі де ғажайыпқа айналып барады. Бүгін ертегі болып көрінген нәрсе ертең шындыққа айналады.
3D баспа арқылы үй басу. Қазір кей елде тұрғын үйлерді 24 сағатта басып шығаратын 3D принтерлер бар.
Жасанды ет өндірісі. 2030 жылға қарай дүкен сөрелеріндегі еттің 40%-ы зертханада өсірілетін болады.
Ғарыштағы иіс. Астронавтар айтқандай, ғарыштың иісі күйген металл мен барбекюге ұқсайды.
Google серверлері мұхит астында орналасқан. Бұл энергияны үнемдеп, құрылғыларды табиғи жолмен салқындатуға мүмкіндік береді.
Кей елде дрон-пошта қызметі жұмыс істейді. Африка мен Жапонияда дәрі-дәрмек пен азық-түлік ұшқышсыз құрылғымен жеткізіледі.
Дайындаған П.ШАЙХСЛАМҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөзден


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!