Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жергілікті өнімнің сапасы мен серпіні

19.09.2025, 9:05 387

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданындағы жеке кәсіпкерлік «Ханшайым» жетекшісі Смайлов Айбол Сагындыкович 2023 жылы кәсіпкерлік субъектісі ретінде ресми тіркелді. Жас кәсіпкер ауыл шаруашылығынан тыс салада – тұрмыстық химия өнімдерін, атап айтқанда кір сабын, иіс сабын және сұйық сабын өндіруді жолға қойған.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 8 миллион теңгеге қаржыландырылып, өндіріс көлемін ұлғайтуға және өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік алды.

ЖК «Ханшайым» өнімдері жоғары сапалы, тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие. Кір сабын, иіс сабын және сұйық сабын түрлері тұрмыстық қажеттіліктерді толық қамтып, жергілікті нарықта тұрақты орын алуда.

Айбол Смайлов өз еңбегі мен табандылығының арқасында өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып, ауылдағы өндірістің жаңа серпінін қалыптастыруға үлгі болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: