Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егін жинау жұмыстарымен танысты

16.09.2025, 12:00 164

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков егін ору науқанының барысын бақылау мақсатында бірқатар егіс алқаптарын аралады, деп жазады баспасөз қызметі.

Алдымен Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Еркін» шаруа қожалығында болды. Мұнда биыл 150 гектар жерге күріш, 40 гектарға ескі жоңышқа орналастырылған. Қазіргі уақытта 150 гектар күріштің 70 гектары орылып, 420 тонна астық қамбаға құйылды. Орташа өнім – 60 центнер. Күріш жинау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Келесі бағыт – Тұран ауылдық округіндегі «Төңкеріс и К» шаруа қожалығы. Қожалық биыл 877 гектар күріш, 155 гектар күздік бидай мен жаңа жоңышқа, 70 гектар мақсары және 346 гектар ескі жоңышқа дақылдарын орналастырған. Бүгінгі күні 600 гектар күріш жиналып, 3900 тонна өнім қамбаға құйылды. Орташа өнім – 65 центнер.

Аудан басшысы шаруалармен тілдесіп, еңбек адамдарын маусымдық жұмыстардың қызған шағында қолдап, сапалы өнім алу үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: