Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңғыстаулық ақынға кәсіпкер көлік сыйлады

23.05.2025, 16:20 255

HALYQLINE.KZ

Маңғыстаулық айтыскер ақын Фархад Мұсаевқа мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында кәсіпкер Самат Мұханов темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды otpannews.kz.

Бұл туралы «Жыр жебе» ақындар мектебінің жетекшісі Фархад Мұсаев желіде жазба жариялады.

«Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – мен үшін биыл ерекше қуанышпен есте қалмақ. «Жыр жебе» ақындар мектебіне сіңірген еңбегімді елеп, бағалаған кәсіпкер азамат, ардақты ағам Самат Мұханов маған «Toyota Camry 55» автокөлігін сыйға тартты. Самат ағам – жүрегі кең, өзі халықшыл, өнерге жанашыр азамат. Елге көмектесуді, жақсылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырған нағыз меценат.

Осындай аға тұтар азаматтар барда, руханият өлмейді! Самат аға, шын жүректен алғысым шексіз» деп жазды Фархат Мұсаев.

Фархат Мұсаев бірнеше жылдан бері өңірде жас айтыс ақындарға тәлім беріп, жыр додаларына қатыстырып келеді. Оның шәкірттері облыстық, республикалық сайыстарды талай рет жүлдеге қол жеткізген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: