Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 6 ескерткішке археологиялық қазба жұмысы жүргізілуде

05.06.2020, 15:20 675

HALYQLINE.KZ Биыл облыста 6 ескерткішке археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

«Ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуірімен мерзімделетін Сығанақ, Қышқала қалашықтарына қазба жұмыстары басталды. Сонымен қатар, тамыз айында Асанас қалашығында да қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мұнан өзге, «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» бекітіліп, археологиялық зерттеу жұмыстарына бақылау шаралары мен талаптары күшейтілді», – деді Мира Рахымжанқызы.

Айта кетейік, өңірде 545 тарих және мәдениет ескерткіші есепке алынса, оның 134-і – археологиялық ескерткіш. Қазіргі таңда, археологиялық жұмыстардың зерттеу ауқымы кеңейіп, қазбалар жүргізілуде. Осы кезге дейін табылған 6486 экспонат музей қорында сақтаулы. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыруда үлкен септігін тигізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: