Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді»

07.03.2025, 15:45 114

HALYQLINE.KZ

Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты жиында аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті, деп жазады akorda.news.

– Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған. Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында әр салаға еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын! – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: