Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу маусымы штаттық режимде өтуде

24.01.2025, 16:10 44

HALYQLINE.KZ

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы, оның ішінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асуы және жылу маусымының өту барысы талқыланды.

Облыста жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде, 1067 әлеуметтік нысан мен 888 көпқабатты тұрғын үй жылумен толықтай қамтамасыз етілген. Жылу-электр орталығында отын қоры, авариялық қор жасақталған. Қазір кәсіпорында 5,3 мың тонна мазут пен 193 тонна дизель отыны бар.

Барлық әлеуметтік нысанның отын қоры толық. Жылу беру маусымы қарсаңында белгіленген, тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға қажетті 162 мың тонна көмірдің138 мың тоннасы қоймаларға жеткізілген.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде. Демеушілік есебінен және облыстық бюджеттен Қызылорда қаласындағы орталық алаң қайта жаңғыртылды, 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.

Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері абаттандырылып, жарықтандырылды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді. Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде.

Аудандарда 320 млн теңгеден астам қаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды.

Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді. Барлық елді мекендегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары бірыңғай архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.

Өңірде жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда 1 млрд 500 млн теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Биыл осы бағытқа 564 млн теңге бөлініп, 19 коммуналдық техника жеңімпаздарға табысталмақ. Өткен жылы коммуналдық салаға және абаттандыру мекемелеріне 106 арнайы техника сатып алынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: