Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бектенов әлеуметтік көмекті кімдер алуы керегін айтты

21.09.2026, 18:05 54

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік көмек ең алдымен шын мәнінде мұқтаж азаматтарға берілуі керегін айтты. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде берген тапсырмаларын орындауға арналған кеңесте көтерілді. 

Үкімет басшысы министрліктердің әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және басқа бағыттар бойынша баяндамаларын тыңдады.

— Президент атап өткендей, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындап келеді. Ал қажетті әлеуметтік көмек тек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілетініне назар аудару керек. Азаматтарға көрсетілетін көмектің түрлері туралы кеңінен ақпарат берілуі қажет. Өңірлерде әкімдіктер әлеуметтік жәрдемақы алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек,— деді Олжас Бектенов. 

Үкімет мәліметінше, әлеуметтік қолдауды атаулы ету жұмысы екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде мемлекеттік қолдаудың 36 төлемінің 14 түрін мұқтаждық қағидатына бейімдеуге арналған нормативтік база әзірленеді. 

Екінші кезеңде жергілікті атқарушы органдар беретін әлеуметтік көмектің 13 түрін азаматтың нақты мұқтаждық деңгейіне қарай төрт түрге біріктіру қарастырылған. 2027 жылдың басынан бастап ардагерлерге берілетін мемлекеттік қолдауды да мұқтаждық қағидаты бойынша атаулы ету жөнінде ұсыныстар айтылған. 

Бектенов министрлер мен әкімдерге жаңа тәртіптің мәнін халыққа түсінікті тілмен жеткізіп, әлеуметтік көмектің кімге және қандай жағдайда берілетінін кеңінен түсіндіруді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: