Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есмаханов ескеретінін айтты

17.09.2026, 17:20 60

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға келген 23 тұрғын аудан басшысына өздерін толғандырған мәселелерін айтып, олардың заңдылыққа сәйкес шешілуіне ықпал етуді сұрады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Тұрғындар тарапынан негізінен тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, көшелерді асфальттау, түнгі жарықтандыру, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын салу мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі Мақатаев көшесін жарықтандыру жөнінде тұрғынның өтінішіне байланысты кент әкімі мен аудандық электр тарату торабы мекемесінің басшысына нақты міндеттер жүктеліп, көшеге жарықшамдарын орнату мәселесін шешу тапсырылды.

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы Жанқожа батыр көшесінің 3 шақырымындағы жаяу жүргіншілер жолын салу жөніндегі өтініш бойынша аудан әкімі аталған аумаққа өзі барып, жағдайды зерделейтінін айтты.

Жұмысқа орналасу мәселесін көтерген азаматтарға аудан бойынша қазіргі уақытта бар бос жұмыс орындары таныстырылып, мамандықтарына сәйкес қолайлы жұмыс орындары болған жағдайда жұмысқа орналасуға бағыт-бағдар берілетіні түсіндірілді. Осы ретте жауапты сала басшыларына жұмыс іздеуші азаматтармен тиісті жұмыстар жүргізіп, олардың өтініштерін заңдылыққа сәйкес қарау тапсырылды.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын айтып, әр мәселе бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: