Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінің дәмі – Астанада

19.09.2026, 21:30 30

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және халықты сапалы, табиғи өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» атты апталық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің тұжырымдамасы әзірленді.

Жоба шаруаларға өнімдерін делдалсыз өткізуге, жаңа нарықтарға шығуға, ал тұтынушыларға отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Осы бағытта 19-20 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Сыр елінен елордаға 100 жүк көлігіне тиелген 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, жәрмеңкеге 100-ге жуық диқан мен тауарөндіруші қатысуда.

Атап айтқанда, 230 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет өнімдері, 30 тонна балық өнімдері, 280 тонна бақша өнімдері, 30 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: