Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңғыстауда бір түнде 126 қой қырылып қалды

29.09.2026, 17:00 56

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында бір түннің ішінде 126 қой қырылды. Алдын ала болжам бойынша, мал жауыннан кейін бір жерге жиналып қалған суды ішкен.

Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Нұралы Сәдіғұловтың мәліметінше, оқиға туралы хабар 28 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында тұрғындардан түскен.

Хабардан кейін ветеринар мамандар оқиға орнына барып, өлген малды санаған. Нәтижесінде 126 қойдың қырылғаны анықталды.

Қазір малдың жаппай қырылуына нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Алдын ала мәліметте қойлардың бір жерге жиналған жаңбыр суын ішкені айтылады. Алайда судың құрамында қандай да бір қауіпті зат болғаны немесе малдың өліміне дәл осы су себеп болғаны әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Мамандар зерттеу нәтижесінен кейін малдың қырылу себебіне нақты қорытынды жасамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: