Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Борышкер» іс-шарасы өткізілуде

18.12.2024, 8:25 54

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы тұрғындарының назарына!

Салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу кезінде, әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында, ағымдағы жылдың 17-20 желтоқсан аралығында, Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушыларға салынған айыппұлдарды барынша өндіріп алу. Құқық бұзған тұлғаға хаттама толтырған жағдайда, тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының 50%-ын жеті тәулік ішінде төлеуге құқылы, егерде жеті тәуліктен асқан жағдайда 100% төлеуге мәжбүр болады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда, осы кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі турде орындау үшін, құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша сот орындаушыларға немесе жұмыс орнына жолданатын болады.

Қызылорда ст. ЖПб

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: