Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Құқықтық тәртіп»: 3 күнде 14 қылмыс ашылды

26.11.2024, 10:25 38

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның 3 күнінде тәртіп сақшыларымен 14 қылмыс ашылды. Сонымен қатар, 1137әкімшілік құқықбұзушылық деректері, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық ҚР ӘҚБтК-нің /434 бабы/ – 9, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу /440/ – 99, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі /442/ – 141, түнгі тыныштықты бұзу бойынша (437-бабы) 59 дерек анықталған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізушілердің көлік құралын мас күйінде жүргізу /608 бабы/ – 9дерек анықталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жіберілді.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алуға бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы департамент бастығының қатаң бақылауына алынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: