Алматы облысы Талғар қаласында төрт жігіт қыз зорлады деген күдікке ілінді.
Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Дереккөз: Abai.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!