⠀9 қыркүйек күні сағат 09:09-да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.
⠀
Осыған орай тоғызқұмалақ тақтасы ғарыш кеңістігіне шықты. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.
⠀
Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.
Тоғызқұмалақ тақтасы алғаш рет ғарышқа ұшырылды
11.09.2024, 11:00 209
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!