Жаңақорған ауданында Еңбек және Тыл ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Машбек Сапарбайұлы Нәлібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай қазақ күресінен жастар арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар қатысып, 55, 66 және 74 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Марапаттау рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемов, Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбек, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы, Машбек Сапарбайұлының ұлы Пазылбек Нәлібаев, Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің директоры Бақытжан Тасболатов қатысты.
Турнир барысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталып, Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған естелік медальдар және Қазақстан Республикасының «Қазақ күресі» қауымдастығының төсбелгісі табысталды.
55 келі салмақ дәрежесі бойынша:
І орын – Шейхрахман Шейхрахманұлы, Қызылорда облысы;
ІІ орын – Серікбол Елжан, Жетісу облысы;
ІІІ орын – Әлеуетдин Мұхаммедин, Шымкент қаласы;
ІІІ орын – Әбу Нұрислам, Шымкент қаласы.
66 келі салмақ дәрежесі бойынша:
І орын – Еренғайып Асанәлі, Қарағанды облысы;
ІІ орын – Қайсар Дулат, Түркістан облысы;
ІІІ орын – Исламбек Балмолдаев, Қызылорда;
ІІІ орын – Тасмұрза Жүрсінхан, Шымкент қаласы.
74 келі салмақ дәрежесі бойынша:
І орын – Асылбек Қошман, Жетісу облысы;
ІІ орын – Мейірбек Қызырбек, Алматы қаласы;
ІІІ орын – Ғаламат Алпысбай, Ақтөбе облысы;
ІІІ орын – Бақтыбай Мергенбай, Жамбыл облысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!