Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті

20.10.2026, 16:45 21

Бүгін көрнекті қаламгер, жазушы — публицист Құдабай Ертаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Жаңақорған ауданында «Сыр саңлағы» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Игі шараға аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан арнайы қатысып, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың құттықтауын табыстады.

Мерейтой аясында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту мақсатында жарық көрген «Қадамы құтты қаламгер» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Жыр додасына Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан барлығы 9 ақын қатысып, екі кезең бойынша өзара бақ сынады. Ақындардың шығармаларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Бекжан Тұрыс, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын-жазушы, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Файзулла Сахиев, мәдениет саласының үздігі, ақын-композитор Уәлихан Ибрагимов бастаған қазылар алқасы бағалады.

Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдені жаңақорғандық ақын Ерсұлтан Мұстафаев,

І орынды қызылордалық Ғабит Қыдырбай, ІІ орын Сания Жақып Жалағаш ауданы, ІІІ орынды Арал ауданынан Әділ Ізбасаров пен Шиелі ауданынан Шыңғыс Құдайберген иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: