Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Виктор Мозестің голы құтқармады: «Қайсар» соңғы орынға түсіп қалды

17.10.2026, 21:10 34

HALYQLINE.KZ

Талдықорғанның «Жетісу» ФК Қазақстан Премьер-лигасының 23-турындағы кейінге шегерілген матчта Қызылорданың «Қайсарын»жеңді, деп жазады penalty.kz.

ВИКТОР  МОЗЕС  ЕСЕП  АШТЫ

Талдықорғанда өткен кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ екі команда да шабуылға басымдық берді. Ойынның 11-минутында қонақтар сапында нигериялық Виктор Мозес мергендігімен көзге түсіп, «Қайсарды» алға шығарды.

Бірінші таймда алаң иелері таразы басын теңестіре алмады. Осылайша командалар үзіліске қызылордалықтардың 1:0 есебіндегі басымдығымен аттанды.

«ЖЕТІСУ» БЕС МИНУТТА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ

Екінші таймда талдықорғандық футболшылар ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Алаң иелерінің шабуылдағы белсенділігі ақыры нәтижесін берді.

71-минутта Шоқан Абзалов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді. Арада небәрі бес минут өткенде Нұрберген Нұрбол тағы бір гол соғып, «Жетісуды» алға шығарды.

Нұрдаулет  КЕҢЕС.

Фото: meta-ratings.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: