Қанат Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Қанат Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылғы маусымнан қазіргі кезге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылғы сәуірде ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Фото: Ақорда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!