Тіл – әр халықтың ең қымбат қазынасы, рухани байлығы. Әрбір адам өз ана тілін құрметтеп, қадірлеуі керек. Себебі тіл арқылы біз өз ойымызды жеткізіп, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Ана тіліміз – халқымыздың тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін сақтап келе жатқан асыл мұра.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – өте бай, көркем әрі мағыналы тілдердің бірі. Біздің ата-бабаларымыз ана тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бүгінгі күнге дейін сақтап келді. Сондықтан біз де тілімізді құрметтеп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет.
Қазіргі уақытта бірнеше тіл білу маңызды. Басқа тілдерді үйрену арқылы білімімізді арттырып, дүниетанымымызды кеңейтеміз. Бірақ өзге тілдерді үйренемін деп, ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Әр адам қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға тырысуы қажет.
Менің ойымша, тіл – ұлттың болашағы. Ана тілімізді сақтау және дамыту – баршамыздың міндетіміз. Өз тілімізді құрметтесек, халқымыздың да қадірін арттырамыз. Сондықтан қазақ тілін мақтан тұтып, әрдайым құрметтеуіміз керек.
Аяулым Оразымбетова,
№85 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы.
Жетекшісі: Назира Жакипова.
Қармақшы ауданы
Фото: ortalyq.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!