Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алу

26.08.2024, 10:15 101

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ түнгі рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

Мобильді топ ойын-сауық орындарын, саябақтар, ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтарға шолу жүргізіп, нәтижесінде 22 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады.

ЕСКЕРТУ! ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүруге тыйым салынады. Баланың ойын-сауық мекемесінде ересек туысымен немесе кәмелетке толған досымен жүруі де заңсыз саналады. Сондай-ақ, заңды өкілі қасында болмаса, кәмелетке толмағандар көшеде түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүре алмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: