Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.
«31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр», – деп толықтырды ведомстводан.
Дереккөз: inbusiness.kz
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!