Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгінгі баланың ең жақын досы кім?

25.01.2024, 14:00 445

HALYQLINE.KZ

«Адамның бір қызығы – бала».

Абай.

Әрбір отбасы – өзінше бір мектеп. Адамның бұл дүниедегі басты міндеті – ұрпақ әкелу, өміріне азық болар тәрбие мен білім беру.

Қазіргі баланың ең жақын досы – интернет. Ол адамды өзінің иіріміне тартып алар күшке айналып бара жатыр. Жылаған баланың қолына телефонды ұстатсаң, жұбана қояды. Телефон жастардың сүйікті ойыншығына айналды. Таңдауы мен талғамы бөлек олардың тәрбиесі қандай?

«Жастайынан баланы бұзатын, ойын қулық-сұмдыққа жетелейтін сөз бен іске ықтияр берме. «Осы қияңқыны қойыңдаршы» деген нәрсеге жеткізбе» дейді Абай атамыз. Ата-анасындай кімнің балаға жаны ашиды? Енді осыны қаншалықты түсінеміз, кім қалай іске асырады?

Баланың мінезін, бейімін тану – үлкен жұмыс. Туғаннан көз алдында өсіп, күнде көріп жүрген ата-ана бала келешегіне бағыт-бағдар беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, бұл табандылық пен күш-жігерді талап етеді.

Баланың денсаулығы – басты міндетіміз. Интернетте, телефонда бағдарламаларды шектейтін жүктемелер бар. Соны барынша тиімді пайдалануды үйренейік. Келешегімізге сенімді боламыз десек, бірінші ұрпағымызға ие болайық! Рухани бай адам өмірден өз орнын табады. Жаратқан иеміз имансыз ұрпақпен, жетесіз баламен, ынтасы жоқ шәкіртпен сынамасын!

Гүлстан  Өтеғұлова,

№101  мектеп-лицейдің  бастауыш  сынып  мұғалімі,

Қызылорда  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: