Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап өз құндылығын ешқашан жоғалтпайды

13.06.2023, 10:00 290

HALYQLINE.KZ Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 

«Кітап маған тақтан да қымбат» деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары.

Кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен – кітап. 

Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де – кітап болатын. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. 

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Ол баланың ой-өрісін өсіріп, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бірақ өткен заман артта қалып, күн сайын жаңарып жатқан техника мен технологиялар дамыған кезеңде кітап оқитын көзі қарақты оқырманның саны азайып келеді. Ал қазіргі кезде интернет парақшалары мен желідегі ойындардың жанында баланы тіпті кітапқа қызықтыру мүмкін емес. Менің ойымша кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол,себебі қателік кітапта емес,адамда. Бүгінгі таңда кітап оқитын адамдар саны сирек. Себебі біреулер уақыт аз десе,ал біреулері әлеуметтік желілердің құрбаны болды. Менің ойымша,баланы жас кезінен бастап кітап оқытып,сол кітапты бірге талдап,пайдасы мен зиянын айтқан дұрыс.

Кітапты әр бір жас келен ұрпақ оқуға міндетті! Себебі кітап ой өрісті дамыта қана қоймай бізді болашаққа жетелейтін құнды құрал.

Аружан ЖҮСІПБЕК,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: