Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар еңбекпен қамтылуда

16.05.2023, 15:45 229

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің өндірістік аймағынан жаңа жұмыс орындарын ашу, сотталғандарды жұмысқа тарту мақсатында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске №60 мекеме бастығы М.Өтетлеуов, мекеме қызметкерлері, ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет майоры Б.Абилова, Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы, подполковник А.Аскарбеков, штаб бастығының көмекшісі майор Я.Редин, 5547 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің жеке атқыштар рота командирі майор Б.Ақшалов және рота командирінің орынбасары капитан Е.Сатыбалды, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры С.Кенжебеков және мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер қатыстыКеңес барысында мекеменің өндірістік аймағындағы 12 бекетке жеке кәсіпкерлердің шикізатпен және дайын өніммен кіріп шығатын автокөліктерді сүйемелдеуге ҰҰ 5547 әскери бөлімінен бақылаушының бөлінуі; еңбекпен қамтылған сотталған азаматтардың еңбек ақыларының ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес уақытылы аударылуы және жұмыс орындарында арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз ету; жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысқа қажетті құрал – саймандарды сақтауға арналған орындармен қамтамасыз ету және құрал – саймандардың тізіміндерінің жүргізілуін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.


Адина Жомартқызы,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: