Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 4 кортеж қатысушысы 5 тәулікке қамалды

30.10.2026, 15:35 39

Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде құқық бұзушылық түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Тексеру барысында кортежге қатысқан 19–26 жас аралығындағы қала тұрғындары белгілі болды.

Олар маневр жасау және міндетті сақтандыру талаптарын бұзып, авариялық жағдай туғызған. Сондай-ақ көлікті тоқтату және тұраққа қою ережелерін сақтамай, ұсақ бұзақылық жасаған және қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Барлығы сегіз адамға қатысты 27 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық жасаған төрт азамат сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Фото: Бейнежазбадан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: