Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түріктер президентін анықтауға жақын тұр

15.05.2023, 12:16 358

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған жәшіктердің 96,49 пайызындағы дауыстарды санағаннан кейін көш бастап тұр. Қазірге дейін ол сайлаушылардың 49,92 пайыз дауысын жинаған. Мұны Hurriуet.com  ақпараттық агенттігі хабарлады.

– Түпкілікті нәтиже әлі белгісіз болса да, біз көш бастап келеміз. Елімізде санақ жалғасып жатыр. Сайлау бірінші турда аяқталады деп ойлаймыз. Түркия ұлттық ерік-жігердің үстемдігіне табандылығымен әлемнің алдыңғы қатарлы демократиялық елдерінің қатарында екенін тағы бір рет дәлелдеді. Азаматтардың сайлауға қатысу деңгейі жоғары болып, тарихымыздағы ең көп дауыс берілген сайлау болды, – деді сайлау нәтиежін күтпей сөз сөйлеген қазіргі президент.

Ердоғанның басты қарсыласы Кемал Кылычдароглу әзірге 44,39 пайыз дауыс жинаған. Десе де ол, бұл ақпаратпен келіспейтінін білдірді. Орталық сайлау комиссиясына ескерту жасаған. Дауысты дұрыс санауды талап етеді.

Қазір Түркияға жаңа басшы келсе, Орта Азиямен қарым-қатынасы қалай болады деген сауалдың басы қылтияды. Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тұтымлының айтуынша, Түркияның ОА елдерімен байланысы Сыртқы істер министрлігінің кімнің қолында болатынына байланысты.

  • Бәрі сыртқы істер министрлігі кімнің қолында болатынына байланысты. Алты партиядан құралған оппозициялық коалиция өз адамдарын таныстырып қойды. Қаржы немесе ішкі істер министрі кім болатынын шамалап білеміз. Ахмет Дәуітоғлы сыртқы істер министрі болса (бұрын осы қызметте істеген) Орталық Азия елдерімен қарым-қатынаста панисламизм, пантюркизм идеясы жалғасады, – дейді Әсел Тұтымлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: