«Тұңғиық» жыр жинағының авторы, ақын Айгүл Жұмаділ Жаңаөзен жұмысшыларының жанайқайына арнап «Жаңаөзен» өлеңін шығарды.
Жаңаөзен — жаңалықтың жаршысындай,
Жаңаөзен — жанарымның тамшысындай!
Жаңаөзен — жон арқадан жын алатын
Қазақтың қырық таспа қамшысындай!
Жаңаөзен — Рух мекені, киесі бар,
Киенің Қазақ деген иесі бар!
Намысы жанартаудай Жаңаөзеннің
Сөзі — серт!
Жігіті — арыс!
Түйесі — нар!
Жаңаөзен — жүрегім бе лүпілдеген?
Жүректен қуат алар бүкіл денем!
Жаңаөзен — бар қазақтың жан дауысы
Жоғымды леп белгімен бүтіндеген!
Жаңаөзен — жаңа дәуір, жаңа қазақ,
Жаңарсын, жақсыға бұр, жан азамат!
Күн шықса, сенен шығар жарқылдаған
Ескіні шығаратын жаназалап…
АЙГҮЛ ЖҰМАДІЛ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!