HALYQLINE.KZ Бүгін Н.Бекежанов атындағы театрда өткізілген “Отбасы — тәрбие бесігі” атты кеңесте Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет тәрбие жұмысын жаңдандыру қажеттігін жеткізді.
— Психологиялық-әлеуметтік жұмыстарды үйлестіретін, әдістемелік көмек көрсететін басқарма жанынан «Тәрбие орталығын» құруды ұсынамын, — деді басқарма басшысы.
Алдағы уақытта жыл сайын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзұшылық, суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық жоспар бекітіледі. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының қадамдық жоспары әзірленіп, соның аясында білім беру ұйымдарына тиісті тапсырмаларға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!