Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймағымызда «Тәрбие орталығын» құру ұсынылды

01.02.2023, 18:15 168

HALYQLINE.KZ Бүгін Н.Бекежанов атындағы театрда өткізілген “Отбасы – тәрбие бесігі” атты кеңесте Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет тәрбие жұмысын жаңдандыру қажеттігін жеткізді.

– Психологиялық-әлеуметтік жұмыстарды үйлестіретін, әдістемелік көмек көрсететін басқарма жанынан «Тәрбие орталығын» құруды ұсынамын, – деді басқарма басшысы.

Алдағы уақытта жыл сайын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзұшылық, суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық жоспар бекітіледі. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының қадамдық жоспары әзірленіп, соның аясында білім беру ұйымдарына тиісті тапсырмаларға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: