HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында белгісіз біреулер төбелес шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полиция мәліметінше, оқиға 22 қаңтарда сағат 19:30-да болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес бірден тоқтатылған. Полиция бөліміне 8 ер адам жеткізілген.
Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!