Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жаппай төбелес болды

23.01.2023, 11:30 249

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында белгісіз біреулер төбелес шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Полиция мәліметінше, оқиға 22 қаңтарда сағат 19:30-да болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес бірден тоқтатылған. Полиция бөліміне 8 ер адам жеткізілген.

Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: