Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Темір канцлер» атанған Бисмарктың орыстар мен Ресей туралы айтқаны

27.12.2022, 9:40 894

HALYQLINE.KZ

«Ресейге қарсы еш нәрсе ойластырмандар. Олар сендердің қулықтарына қарсы ойланбастан ақымақтық шешіммен жауап береді».

«Соғыс барысы біз үшін қолайлы болып Ресейді күшпен талқандағанмен, олар бөлініп кеткенмен, сынап сияқты қайта орнына келеді».

«Ресей өзінің қуаттылығынан Украина олардан бөлініп шыққан кезде айырылады».

«Орыстардың әлсіз кезін пайдаланып, өмір бойы диведент алып тұрамыз дегенді ойларыңнан шығарыңдар. Орыстар өзінің ақшасына бәрібір бір келеді. Сондықтан оларға мүлдем жоламау керек».

«Кіммен болса да одақ құрыңдар, кез келген соғысты бастаңдар, тек орыстарға жоламаңдар».

«Ресей өзінің төмен тұтынушылығымен қауіпті».

«Мен орыс аюын үңгірден шығарудың 100 әдісін білемін, бірақ оны үңгірге қайта тығуын білмеймін. Орыс аюын оятпаңдар!».

«Жас дипломат Отто Бисмарк Санкт-Петербургте елшілік қызметке жіберілген болатын. Ол бұл елден тезірек кетуге асықты, канцлер болған соң, король Вилгельмге Россияға соғыс ашпауын өтінді: «Орыстар атты жай ерттегенмен, тез жетеді, бұл ел мені өзінің жұмбақтығымен қорқытты» деді.

«Германия мен Россия соғысы үлкен ақымақтық болғанмен, бірақ міндетті түрде соғысады». (ХХ ғасырдағы екі соғысты болжап кетті).

Отто Эдуард Леопольд фюрст фон Бисмарк-Шенхаузен, герцог цу Лауэнбург (1815-1898) бытыраңқы Германияны біріктірген генерал-фельдмаршал 1971-1890 жылдары Германияның бірінші канцлері болып, елге тәртіп орнатқандықтан халық «темір канцлер» деп атап кеткен.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: