Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сығандар неге совет армиясына алынбады?

30.11.2022, 17:30 265

HALYQLINE.KZ

Бала кезімдегі сүйікті фильмдердің бірі, совет киносының вестерн жанрындағы алғашқы туындысы «Ұстатпайтын кекшілдер» фильмі болды. Кинодағы Яшка сыған ат құлағында ойнайтын шабандоз, құралайды көзден атқан сұрмерген, жекпе-жекте жауын атып ұратын жауынгер болғасын, совет заманының балаларының еліктейтін кейіпкері болды.

Бірақ, есейгесін «осы жауынгер халықтың балалары неге совет армиясында отан алдындағы азаматтық борышын өтемейді?» деген сұрақ көкейімізде жүретін.

Оның себебі, мынадай екен:

1. Сыған халқы табормен көшіп-қонып жүргендіктен олар еш жерде тіркелген жоқ, тоқтаған жерде жергілікті милиция бөлімшесіне табор жетекшісі барып, бұл жерде қанша уақыт кідіретінін ескертетін. Ата-әкесінің, ана-әжесінің паспорты болғанмен, еш жеде тіркелмегендіктен, паспорт столы беретін «Үйдің тіркеу кітапшасы» болмағасын, балалары қайда жүргені белгісіз болатын.

2. Сыған балаларын 13-14 жасында, тек бір емшек ембесе болды деген қатып қалған қағидамен өзінің табордағы немере бауырларына үйлендіретін, армияға шақыратын 18 жасқа толғанша 2-4 баланың әкесі болып үлгіретін. Заң бойынша 1 баласы барларды әскери борышын өтеуін кейінге қалдырса, 2 баласы барлар мүлдем босатылатын.

3. Сыған қатындары таборда босанатын болғандықтан, балаларының метіркесі болған жоқ. Метіркесі болмағасын оның жасын анықтай алмады және тіркеуде болмағасын әскери комитеттен шақыру қағазы келмейтін.

4. Метіркесі болмағасын мектепте оқымайтын, дені сау болғанмен сауаты жоқ, сығанды саяси сабақ өтетін СА қатарына әріп танымағасын қалай алсын?

5. Сығандардың отырықшы өмір салтын ұстанғандары да болды, олардың балалары мектепке барып, аттестат алғасын СА қатарында азаматтық борышын өтегендер де болды, бірақ олар өте аз болды, себебі, негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік алғасын, қатарларына қарағанда кеш 15-16 жасында үйленгенмен 1-2 балалы болып, армиядан босатылатын.

6. Сығандар дүниежүзі елдерінің барлығында бар, СССР кезінде Қазақстанға келіп, сауда-саттық істейтін сығандар қазір көрші Ресей елінде, олар қазір де РФ-ның қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден жоғарыда атап көрсеткен себептен босатылған не қашқалақтап жүр.

7. Осы Ресейде әлем бойынша сығандардың жалғыз кәсіби музыкалық-драмалық «Ромэн» театры бар. Осы театрды 1977-2021 жылдары басқарған СССР халық артисі Николай Сличенконы (1934-2021) барлықтарыңыз білесіздер.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: