Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын – елдің ардағы

28.11.2022, 16:00 544

 HALYQLINE.KZ Биыл – ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Мырзан Кенжебайдың 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті.

Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып, мерейтой иесіне ыстық ықыласын жеткізді.

– «Туған жеріміздің табиғатын, өмір жолдарын шығармаларына арқау етіп, аймағымыздың абыройын асқақтатқан Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Шүкіров, Шөмішбай Сариевтер сынды көш бастап, топ жарған таланттарымыздың жолын жалғап әкеткен тұлғалардың бірі – Мырзан Кенжебай. Міне, біз осындай ардақты ағаларымызды мақтан тұтып, кейінгі ұрпаққа дәріптеуіміз қажет. Бүгінгі келіп жеткен мерейлі 75 жасыңыз құтты болсын! Өскелең ұрпаққа өнеге болған мол мұраларыңыз көбейіп, жазарыңыз таусылмасын. Шығармашылық шабытыңыз шалқи берсін!»деп қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Әрі қарай белгілі күйші-композитор Мұрат Сыдықов ағамыз ақынға деген ізгі лебізін білдіре отырып, күй тартуын жолдады.

Одан соң қаламгердің өнер әлемінде қатар жүрген ақын інілері Толыбай Абылаев пен Ерғали Абдулла сөз алып, жазушының өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерді ортаға салды.

Өз кезегінде мерейтой иесі ақындық жолы мен теңіз тақырыбындағы туындыларына тоқталып өтті. Сонымен бірге, бүгінгі рухани іс-шараның өтуіне ұйытқы болған ұйымдастырушыларға ыстық ықыласымен құшақ жайған жерлестеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.Шара барысында оқушылар ақынның жыр жинағынан үзінді оқып, аудан өнерпаздары жыр-термелер пен эстрадалық әндерді нақышына келтіре орындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: