HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысының Махамбет ауылында орналасқан жылыжай кешенінде қияр өнімін жинау жұмыстары басталды. Жергілікті жұмысшылар күніне орта есеппен 5-6 тонна өнім жинайды. Болашақта өндіріс көлемін күніне – 10, ал жылына 1000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жылыжайдың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Мұнда заманауи жабдықтар қолданылады. Өсіру процесі автоматтандырылған. Кешенде 30-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Естеріңізге сала кетейік, «КазАгроМир» ЖШС жылыжай кешені өткен жылдың соңында пайдалануға берілген. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!