Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғибратты диалог

27.06.2022, 18:22 727

Профессор: – Құдай жақсы ма?
Студент: –  Иә.
Профессор: –  Ал шайтан ше?
Студент: – Жоқ.
Профессор: – Дұрыс. Ал балам, айтшы, жер бетінде жамандық бар ма?
Студент: – Иә.
Профессор: – Жамандық ол — көріксіздік, ауру, қасірет емес пе? Осыларды Құдай жаратты ма?
Студент: …
Профессор: –Ғылым дәлелдегендей, адамда  – 5 сезім бар. Сол 5 сезім арқылы адам баласы ойлап, қоршаған ортаны танып бiледi. Ал енді айтшы, сен Құдайды көрдің бе?
Студент: – Жоқ, сэр.
Профессор: – Бiзге айтшы, сен Құдайды естідің бе?
Студент: – Жоқ, сэр.
Профессор: – Сен Құдайды сездің бе? Дәмін көрдің бе? Иiскеп көрдің бе?
Студент: – Жоқ, сэр.
Профессор: – Сонда да Құдайға сенесің бе?
Студент: – Иә, сенемін.
Профессор: – Осы алынған дәлелдерден кейін, Құдайды жоқ деуге болады. Қарсы дәлелің бар ма?
Студент: – Жоқ, профессор. Менде тек сенім ғана бар.
Профессор: –Дәл солай. Сенім – бұл ғылымның ең басты проблемасы!
Студент: – Профессор, жер бетінде суық бар ма?
Профессор: – Бұл не дегенің ? Әрине бар. Сен тоңып көрген жоқсың ба? (Аудиториядағылар студенттің қойған сұрағына күле бастады)
Студент: – Негізінде, сэр, жер бетінде – суық жоқ. Физика заңына сәйкес, бiздердің суық деп жүргеніміз – жылудың жетіспеушілігі. Абсолюттік ноль дегеніміз (270°С) – жылудың жоқтығы. Осы кезде ғана бүкіл әлем инертті болып, осы температураға бейімделе алмайды. Сондықтан да профессор, суық – жоқ. Бұл сөздi біздер жылу жетіспегендіктен ғана айтамыз (аудиторияда тыныштык орнады).  Сізге тағы бір сұрақ, қараңғылық бар ма?
Профессор: Әрине бар. Қараңғы болмаса түн қайдан шығады?
Студент: – Сiз тағы да дұрыс емес айттыңыз, сэр. Қараңғылық деп –жарықтың жоқтығын айтамыз. Бiздер тек жарыкты өлшей аламыз. Ньютонның призмасын қолдану арқылы жарықтың ұзындығын өлшей аламыз. Ал қараңғыны өлшей алмаймыз. Ал енді сэр, өлім бар ма?
Профессор: – Әрине, өмір бар жерде  – өлім бар. Екеуі қарама-қайшы.
Студент: – Сiз тағы да дұрыс емес айттыңыз сэр. Өлiм мен өмір қарама-қайшы емес, ол – өмірдің жоқтығы. Сіздің ғылымдық теорияңызда үлкен ауытқу пайда болды.
Профессор: – Сонымен, не айткың келіп тұр?
Студент: – Сіздер бізді «Aдам маймылдан тараған» деп сендіргіңіз келеді. Сiз осы эволюцияны көзбен көрдіңіз бе? (Профессор жымиып басын шайқады ). Ешкім бұл процесстi көрген жоқ, демек, сiз ғалым емес көріпкелсiз (аудитория күлкіден жарылды).
Студент: – Ал айтыңыздаршы, осы профессордың миын көрген адам бар ма? Естiдi ме? Иiскеп көрді ме? Ұстап көрді ме? Дәмін көрген адам бар ма? (Студенттер күлкiсiн жалғастырды)
Студент: –Демек, ешкім көрген жоқ! Онда ғылым фактілерiне сүйене отырып, «профессорда ми жоқ» деген шешiмге келуге болады. Ал енді, осыдан кейін сiздiң айтқан лекцияларыңызға қалай сенуге болады? (аудиторияда тыныштық орнады)
Профессор: – Саған сенуден басқа амалым қалмады.
Студент: –Дәл солай! Құдай мен Адам арасында байланыс бар, ол – сенiм…

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: