Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жай ғана қарапайым болайық!

23.06.2022, 9:00 347

– Адамдар табиғатынан, түпкі жаратылысынан соншама  сұлу…

Отбасымның, достарымның, таныстарымның, мені сыйлайтын адамдардың, тіпті мен мүлдем таны­майтын адамдардың сүйіспеншілігін, жанашыр­лығын, қолдауын сезіндім.

Шіріген алмалар барлық жерде болады…

Дегенмен, олар салыстырмалы түрде азшылық…

Адам болу қандай жақсы…

Әр адамның өзінің табиғи жақсы қырлары болады…

Әркім бір кездері бала болғанын есіне алса екен…

Бала пәк, ақкөңіл, жүректеріне бар жақсылықты тиеп туады…

Барлығымызда да бұл табиғи болмыс бар…

Мен оған шын жүректен сенемін…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Төзімділік  пен  сабырлылық  болса …

Армандары үшін ең қиынға да төтеп беру­ге батылдығы бар адам қалағанына қол жеткізуі әбден мүмкін…

Ол мансабың мен мақсаттарыңа тәуел­ді  емес…

Сәттілік пен сәтсіздіктің айыр­машылығы өте нәзік, шексіз жіңішке сызық ғана…

Кім болсаң да, бір күні өмір сенің бетіңнен шартып, өзіңе-өзің сұрақ қоюыңа мүмкіндік береді…

Осы сәтте, дәл осы мезетте сенің жасайтын әрекеттерің бүкіл өміріңнің үлкен бағытын сілтеп көрсетеді екен…

Жеңімпаздар ешқашан берілмейтінін, ал берілгендер ешқашан жеңе алмайтынын есте сақтау маңызды…

Жақсы көретін адамдарың, заттарың, әсіресе армандарың­нан  ешқашан  бас  тартпа…

Өміріңнің ең қиын және ең нашар күндерінен өту үшін күрескің келмесе, онда сенің де өмірдің ең жақсы күндерінің дәмін татуға құқығың жоқ…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген  жолдары болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Қиындықтар мен кедергілер – үлкен жетістіктің қайнар көзі…

Бүгінгі биіктен өткен өміріме көз жүгіртсем адам нанғысыз…

Мен өмірімде талай зұлмат күндерді бастан өткердім…

Көптеген сәтсіздіктер, үмітсіздік, қайғы, құлазу, құлдырау, көз жасы…

Менде беріле салуды ойлаған, кері шегініп қайт­қым келген күндер көп болды, бірақ қандай да бір себептермен  орнымнан  тұрыппын…

Бүгін мен өмірімдегі қиын күндерді еске алып қуа­нып әрі шүкір етіп отырмын…

Сол күндер болмаса, мен бүгінгі биікке жетпес едім…

Кедергілер бізге ешбір университеттік диплом үйре­те  алмайтын  нәрселерді  үйретеді…

Ол бізге жетістіктің маңызды жолдарын үйретеді: кішіпейілділік, күш-қуат, аштық, төзімділік, шынайылық, интеллектуалдық, әділеттілік, табандылық, еңбек этикасы, батылдық, өсу және т.б. көп нәрселерді  береді…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Ешкім  де  жалғыз  өзі  табысқа  жете  алмайды…

Бұл  өмірде  маған қаншама керемет  адамдар бата­сын  берді…

Олардың қолдауымен мен көптеген істерді тын­ды­рып, біршама  табыстарға  жеткенімді  білемін.

Олардың сүйіспеншілігі, даналығы, кеңесі мен қолдауы  болмаса, мен  ештеңе  болмас  едім…

Рақмет  барлығыңа…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

Амантай   ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

(Басы  өткен  санда. Жалғасы бар.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: