Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бір күнде «COVID-19» індетін жұқтырған 23 науқас тіркелді»

19.01.2022, 10:00 317

HALYQLINE.KZ

Індетті  жою – міндет…

Бұл дерек Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алуға байланысты өткен штаб отырысында мәлім болды. Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер, тиісті мекеме басшыларымен бірге «Зум» бағдарламасы арқылы кент, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Басқосуда аудан әкімі  Мұхтар Оразбаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жыл басында қайта өршіп, Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа енгенін атап кетті.

– Жыл басталғалы ауданда жұқпалы індет 65 адамнан анықталса, 16 қаңтар күні 23 адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл, әрине, алаңдатарлық жағдай. Ауру анықталған 18 адам ауруханада ем алып жатса, қалғандары үй карантинінде бақылауға алынған, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабидулла Сарықұлов хабарлама жасап, қазіргі кездегі аудандағы эпидемиологиялық ахуал және облыстық бас санитарлық дәрігер шығарған №1 бұйрығының талаптарымен таныстырды.

Мұнан соң Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Раушан Қалуова аудандағы вакциналау жұмыстарының қарқыны мен ауруханада жатқан науқастардың жағдайы жөнінде хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Күн тәртібінде қаралған мәселенің маңыздылығына тоқталған аудан басшысы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын көбейту қажеттігін қатаң ескертті. Әсіресе, жұқпалы індетті жеңу үшін ревакциналау қажет екендігін түсіндірді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: