HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Су ресурстары туралы проблемалық мәселелер және оның шешу жолдарының онлайн форматта есебін тыңдады.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директоры Хамит Биімбетов қатыстып, атқарылған жүмыстарды тізбектеді.
Басқосуда Бахыт Жаханов ағымдағы жылы Шардара су қоймасына түсіп жатқан судың төмен деңгейде болуына байланысты, егістікті сумен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындау қауіпі бар екенін атап өтті.
Сонымен бірге, Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдайдың алдын алу үшін «Қызылорда облысының су тапшылығы жағдайында елді мекендерді суармалы сумен қамтамасыз етуге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірінші кезектегі жобаларды іске асыру жөніндегі» Жол картасының жобасы талқыланды.
Жол картасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында 25 жобаны іске асыру көзделуде. Жол карта 4 (төрт) бағыттан тұрады. Атап айтқана, қашыртқы суды қайталама пайдалану, қосымша су көздерін ұлғайту, сумен қамтамасыз етуді жақсарту, экологиялық сауықтыру.
Облыс әкімі Жол картада көзделген жобаларды республикалық бюджет резервінен қаржыландыру жолдарын қарастыруды және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!