Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кызылорда: Төтенше жағдайы кезінде 364 құқық бұзушы анықталды

17.01.2022, 15:20 289

HALYQLINE.KZ Өңіріміздегі Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы) 242 құқықбұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 44-іне айыппұл салынды, 159-ы әкімшілік қамаққа алынды. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) 122 дерегі анықталып, сот шешімімен 2 құқық бұзушыға ескерту, 12-іне айыппул, 92 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 азаматтың үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: