Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байдарка және каноэде есу базасы жұмысын бастады

22.12.2021, 16:50 908

HALYQLINE.KZ Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүгін Қызылорда қаласындағы жаңадан байдарка және каноэ есу базасы жұмысын бастады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова нысан жұмысын көрді. Спорт нысанында бапкер, аға жаттықтырушы Мухитдин Мейірбеков байдарка және каноэ есу бағыты бойынша жастарды даярлау ісіне қатысты негізгі ерекшеліктерді тізбектеді. Аймақ басшысы жастармен тілдесіп, пікір алмасу барысында жаңадан бой көтерген байдарка және каноэ есу базасы Сыр спортының дамуына серпін беретінін атап өтті.

Базада спортшыларға арналған жаттығу залы, монша, медициналық көмек көрсету пункті және асхана бар. Ал, базаның жанында қайық сақтау қоймасы және жазғы оқу-жаттығу процесін жүргізетін су аумағы орналасқан. Мұнда 80 баланың спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Ал, жаңа нысан арқылы 15 маман жұмыс көзін тапты. Атап өту керек, Қызылорда облысында байдарка және каноэде есу спорты 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда аталған спорт түрімен өңірдің спорт мекемелерінде 4 жаттықтырушы 56 спортшымен тұрақты жұмыс істейді.

9 жыл ішінде өңірде 4 – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 – ҚР спорт шебері, 4 – ҚР спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Олардың қатарында Мерей Медетов, Қожахмет Алтынбек, Гүлжайна Тыныбекова, Бахраддин Диас, Диана Удурбаева бар. Ал, биылғы жылы облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 90 медальді облыс қоржынына салған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде 2156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылғы 212 млн теңгеден келесі жылы 4312 балалар үшін 638 млн теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Мұнан соң аймақ басшысы Баймұрат батыр ауылында орналасқан психикалық денсаулық орталығына қарасты «Наркологиялық стационардың» жұмысымен танысып, оңалту және серуендеу алаңын көрді. Стационар ағымдағы жылы қайта жаңғыртудан өткен. Емдеу мекемесінде 170 төсек орын бар. Науқастарқа наркологиялық көмек, медициналық оңалту, жалпы терапиялық, зертханалық диагностика және т.б. медициналық көмек көрсетілуде. Мұнда 90-ға жуық маман азаматтарға емдеу процесін жүргізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: