Украина астанасы Киевке жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан қаза тапқандар саны екі адамға жетті. Бұл туралы Киев қалалық әскери әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyqline.kz.
21 қазан күні таңертең Киевтің Святошин ауданындағы 24 қабатты тұрғын үйге дрон соғылған. Қала мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, ұшқышсыз аппарат ғимараттың 20-қабаты тұсына тиіп, өрт шыққан.
Алғашында жергілікті билік бір адамның қаза тапқанын және бір әйелдің жарақат алғанын хабарлаған. Кейін әскери әкімшілік тағы бір адамның қаза болғанын мәлімдеп, құрбандар саны екіге жеткенін жеткізді.
Ресей Қорғаныс министрлігі таңертең Киевтегі әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары мен логистикалық орталықтардың жұмысын қамтамасыз етеді деп мәлімдеген «Нивки» электр қосалқы станциясына, сондай-ақ Полтавадағы қойма кешеніне соққы жасалғанын хабарлады.
Алайда Ресей тарапы Киевтегі көпқабатты тұрғын үйдің зақымдануына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!